Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Еліміздегі қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты карантин шаралары жалғасатынын еске саламыз. Себебі, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары. Қауіп әлі де сейілген жоқ.

Осы ретте, барлық қала тұрғындарын адамдар көп жиналатын жерлерге мейлінше бармауын сұраймыз. Қала ішіндегі 20 ішкі бұғаттау бекеттері алынғанымен, аудан, облыс аралық 18 бекет әлі де ереже бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Барлық шағын және орта бизнес өкілдері мен кәсіпорын иелері өз ғимараттарыңызда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақталуы қажет. Ондағы мақсат азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың 2020 жылғы 10 мамырдағы «Шымкент қаласының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» № 17 Қаулысына 3 тармағы 18 тармақшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтау қажет. Тұрғындар бетперде тағуы міндетті. Еске сала кетейік, сақтық шараларын бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын назарларыңызға саламыз.

© Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікір жазу