Еліміздегі мемлекеттік тіркеуден өткен ломбардтарға осы жылдың 1 маусымына дейін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органда есептік тіркеуден өту үшін құжаттарын жіберуі қажет.
Микроқаржылық қызметті және тізілімнен шығару қағидаларына сәйкес өткізілетін бұл құжаттар «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізілуі керек.
Аталған қаулы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылдың 24 наурызындағы №21 қаулысымен бекітілген. Осы қаулыға сәйкес есептік тіркеуден өту барысының алымы – 10 айлық есептік көрсеткіш. Бұл мемлекеттік қызметті көрсету орны – www.finreg.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі. Ол тіркелуші мекемелердің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Осы ретте есептік тіркеуден өту кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтық режимінде қол жеткізетінін айта кеткен жөн. Оны «электрондық үкімет» порталының жеке кабинеті және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндік бар.
Анықтама байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Шымкент қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы. 8 725 2 99 79 23, 8 725 2 99 79 22.
© DIDARBEK.kz