Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның қатысуымен баспасөз брифингі өтті. Аталған басқарманың ғимаратында өткен брифингте коронавирус инфекциясына байланысты түлектердің мектеп бітіру іс-шаралары кезіндегі өзгерістер жайлы айтылды. Одан бөлек, ұлттық бірыңғай тестілеу барысы да сөз болды.

Қаламызда биылғы мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру салтанаты 3-4 маусым күндері мектеп аумағындағы ашық аспан астында ұйымдастырылады. Бұл рәсімге түлектер мектеп формасында қатысып, өзімен бірге ата-анасының тек біреуін ғана ертіп келе алады. Ал маскалық режим мен қашықтықты міндетті түрде сақтауы керек.

Брифинг барысында соңғы қоңырау жайлы ақпар берген Білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы бұл кеш Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігерінің талаптарын қатаң сақтай отырып өткізілетінін жеткізді.

Яғни маскалық режимнен бөлек, мектеп немесе педагогтерге сыйлық алу үшін ақша жинауға, ивент-агенттіктерді мен аниматорларды шақыруға, мерекелік дастарқан жайып, мейрамханаларда отырыс ұйымдастыруға және автокөліктерді жалға алып, қала ішінде экскурсия жасауға рұқсат етілмейтінін қадап айтты.

Айта кетейік, биыл Шымкент қаласында 8 885 оқушы мектеп бітіргелі отыр. Оның 6 799-ы ұлттық бірыңғай тест тапсырады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу