Әрбір мектеп бітіруші оқушының алдында таңдау тұрады: болашақта кім боламын, қандай мамандық иесі атанамын, қай оқу орнына түсемін дегендей сан сауалдар алаңдатады. Алайда өз таңдауын нақты таңдап, арманына еш нәрсеге алаңдамай батыл қадам жасайтындар да бар. Біздің гимназия түлектерінің арасында да ондай өзіне сенімді жастар аз емес. Бұған гимназия қабырғасында жүріп ағылшын тілін еркін меңгеріп, жан-жақты терең білім алып, өз білімін өмірдің сан қырлы жағдайларында қолдана алу дағдыларының қалыптасуы да, ата-анасының қолдауы да әсер етеді.
Гимназия тарихына үңілсек, талай түлек әлемнің түкпір-түкпіріне тарап, әлемнің әйгілі оқу орындарының грантын жеңіп және ақылы бөлімдеріне түсіп, алуан түрлі қызметтерді атқарып жүр. Соңғы жылдары мектеп қабырғасынан қаншама шәкірт грант иеленіп, оның ішінде Қытай Халық Республикасы, Түркия, Польша, Канада, Ұлыбритания, Австралия т.б., сияқты мемлекеттерде шәкірт атанды.
Шетелге түскен түлектер ЖОО-на түсу үшін ҰБТ сертификатындағы жоғары баллдың да, аттестаттағы бағалардың да, мотивациялық хаттың да, олимпиада мен сайыстарда жеткен жетістіктердің де ықпалы барын айтады. Гимназияда ағылшын тілін тереңдтіп оқытып, бірнеше пәннің осы тілде өткендігінен, ұстаздарының талмай еткен еңбегінің арқасында өздерінің басқа елде оқуға мүмкіндік алғандығын тілге тиек етеді. Алтын орда мектебіне, ұстаздарына шексіз алғыстарын білдіреді.
Гимназия да өз түлектерінің ел болашағы үшін адал қызмет ететіндігіне сенімін білдіреді.
©Шымкент қаласы М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын
№8 мамандандырылған гимназия