Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗДАРЫ

Ел басына күн туған қаһралы жылдарда жау бетін қайтаруға Қазақстаннан жалпы 1 млн 400 мың адам аттанып, 600 мыңы елге қайта оралған жоқ. Оның ішінде тек жүрек жұтқан ерлер ғана емес, нәзікжандылар да бар еді. Олар майданның әр тұсында, түрлі әскери құрамаларда жүрді. Солардың бірі – Рәзия Ысқақова болатын. 1939 жылы Шымкент медицина техникумын бітірген қызылордалық қыз соғысқа бастан аяқ қатысып, талай ерліктер жасаған.

Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Атабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды.

Рәзия Ысқақова І — Украина майданында    генерал — полковник Павел Рыбалко қолбасшылық еткен атақты танк армиясына қарасты 55 танк бригадасында фельдшер болады. Жауып тұрған қорғасын оқтың арасынан талай жаралыларды алып шыққан.  Ал 1943 жылдың жазында Курск  доғасындағы Прохоровка   маңында болған  әйгілі танктер шайқасында Разия Ысқақова асқан ерліктің үлгісін көрсетеді.   Айналаның бәрін қарыған қызыл  жалыннан  қара металдың өз балқуға шақ қалғанда Рәзия апамыз жанып жатқан танктен батальон командирі Федоров пен оның экипажын құтқарады. Ал одан бөлек тағы да     жаралы он бес жауынгерді  ұрыс даласынан алып шығып,   бәрін медсанбатқа жеткізді.
Мұхтар Атабек тілші
— Қазақтың қайсар қызының ұрыс даласында жасаған ерліктерінің бұл тек бір көріністері ғана.  Әйтсе де,  ол мұндай қадамға ерлік жасау үшін бармағаны анық.  Батыр қыздың алдында тек   бір ғана мақсат тұрды. Ол —  дәрігерлік   антына адал болып, Отанына қызмет ету болатын. Міне, соның арқасында   Разия  қан қасап майданда  қаншама жауынгерді ажалдан арашалап, қатарға қайта қосты.  Бұл- өлшеусіз ерлік болатын…
Рәзия Шәкенқызы Сталинградттан бастап Харковті, Киевті және Чехословакия мен Польшаны азат етуге қатысып, соғысты Берлинде аяқтайды. Батыр қыздың ерліктері ескеріліп, Қызыл Жұлдыз, Ерлігі үшін медальдарымен марапатталады.
Мұхтар Атабек тілші
Рәзия Шәкенқызы соғыс кезіндегі  өзге де ерліктері үшін 1975 жылы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің «Флоренс Найтингейл» медальмен марапатталады.  Ал одан бөлек    Кеңестер Одағының құрметті қан тапсырушысы болып қаншама адамның ажалдан арашалануына септігін тигізді.
Майданнан аман сау оралған Рәзия Ысқақова  1947 жылдан бастап Шымкент қалалық және облыстық ауруханаларда  қызмет етеді. Еңбегі бағаланып, облыстық Кеңестің депутаты ретінде де халқы үшін  көптеген жұмыстар атқарады.  2010 жылы бақилық болған батыр апамыз Тәуелсіз елдің де бірқатар марапаттарына  ие болған.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу