Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ИГІ ІСТЕР УАҚЫТЫ

ИГІ ІСТЕР УАҚЫТЫ

#Игіістеруақыты. Осындай атаумен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен игі істер атқарылуда. Биылғы еріктілер жылы аясында департамент қызметкерлері ҰОС ардагері Әли Әскеровті Жеңіс күні мерекесімен құттықтап барды, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ф.Құрманбектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

98 жасында  Түрік  әнін шырқап отырған  Әли ақсақал  1922 жылы Грузияда дүниеге келген. Соғысқа туған жерінен 20 жасында аттанған. Сталинград майданында 65-ші атқыштар бөлімшесінің батальон командирі болып,жауға қарсы  шайқастарда ерлік көрсеткен. 100 ге жақындаса да Әли Әскеров соғысқа қай күні кеткеніне дейін есінен шығармаған.
Әли  Әскеров —  Соғыс  ардагері
42 жылы 10 январьда кеттім. Беларусияда, Польшада, Штутгардта болдым. Берлинге барғанда бізді бомбалады. Заводта істедім)
Қиын кезеңді еске алса Әли атамыздың көңілі босап қалады.Аздап жүрегі сыр бергені болмаса әлі тың. Көзілдіріксіз газет оқиды. Соғыс аяқталғаннан кейін туған еліне қайтқан майдангер Грузияға келіп отбасы мүшелерін таппай қалады. Өйткені соғыс жылдары ол жақтың халқын басқа жаққа көшіру барысында жан–жаққа тарап кеткен екен. Сосын Өзбекстанға өтіп, Әлфия деген қарт анаға өкіл бала болады.1949 жылы отбасын құрған ол 1956 жылы Қазақстанға көшіп келеді.
Жанат Мұсаева   —  ардагердің қызы
-Әкем немістерді жұмыс істетім дейді. Германияны басып алып 9 майда сол жақта болыпты. Германияны қалыпқа келтіру үшін тағы 3 ай сол жақта жұмыс істеген. Сосын 4 еумізді өсірді. Ол кісі қиындықты көп көрді)
50 ден аса немере мен шөбере, шөпшек сүйіп отырған батыр майдангердің ерлігі елеусіз қалып жатқан жоқ. Отан үшін оққа тосқан кеудесі, бүгінде ордендерге толған. Игі істер уақыты деп аталатын бастамамен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері ардагердің отбасына азық-түлік жеткізіп, үй шаруасындағы бірқатар жұмыстарға көмек көрсетуде.
Әли Көмекбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы
-Жастарға деген үлгі ретінде істеліп отыр.Өзі талай қиындық көрген еңбекқор кісі. Елбасының айтқанындай қиындыққа мойымай одан шығу мүмкіндігін қарастыру керек. Агенттігіміздің ұйымдастыруының арқасында осындай керемет кісімен танысып отырымыз)
Болашақ ұрпақ үшін қасіретке қайымықпаған майдангерлердің қатары жыл санап азайған. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 40 ардагеріміз тұрады. Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Соғыс ардагерлеріне көрсететін құрмет жалғаса бермек.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу