Рамазан кешірім мен жарылқау айы. Сауаптан үмітті әрбір адам үлкен мүмкіндікті иеленуге асығады. Мұқтажға қол ұшын беруді мақсат тұтқан QNET –компаниясының қызметкерлері өткен жұмада «Біз біргеміз» акиясын ұйымдастырды, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ф.Құрманбектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz .
Төтенше жағдай кезінде тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қол ұшын беріп жатқандар жеткілікті. Қазақстанда 12 жылдан бері қызметін жалғастырып келе жатқан QNET –компаниясы Рамазанда рахымды істі қолға алды.
Айлана Райханова — QNET –компаниясының тәуелсіз өкілі: QNET компаниясымен бірлесе жұмыс жасайтын кәсіпкерлер қайырымдылық шарасын жасап жатырмыз. Бұл жолы 27 жағдайы төмен отбасыларға қазіргі карантин уақытында азық түлікпен қамтамасыз етуді ұйғардық. Бұл іс шараны әрдайым жалғастырамыз.
Бұл компанияның Шымкент қаласында 2 ші рет ұйымдастырып отырған іс шарасы.Бұған дейін 15 отбасы мен жартылай жетім балаларға қажетін жеткізген. «Біз біргеміз» деген акция аясында Кюнеттің қызметкерлері қаламыздағы мешітпен ұйымдасып мұқтаждарға қарасуды жөн көріпті.
Дана Нұржанқызы — QNET –компаниясының тәуелсіз өкілі: Шымкент қаласындағы Қайтпас елді мекенінде Кюнет компаниясының жеке кәсіпкерлері қамқорлық акциясын өткізіп отыр. Алдағы уақытта тағыда жасалады. Бұл қайырымдылық жұмада күні жасалып жатыр.
Диана Уазиханова — QNET –компаниясының тәуелсіз өкілі: Жан мен тәні жаралы адамдарға,көмек бергің бойыңда шамаң барда. Жақсылыққа — жақсылық қайтады әркез, тілегіңді береді саған Алла дегендей бүгін Ораза айында жақсылық жасауға ниеттендік.
Ақжайық елді мекенінде 47-ден аса тұрмысы төмен жанұя бар. Мешіт имамының айтуы бойынша осы жанұяларға азық түлік қорабы үлестірілді. Осындай жеке кәсіпкерлер қол ұшын созса Рамазанда сансыз сауап иеленудің мүмкінгі зор екенініне тоқталды.
Кюнет компаниясынының тәуелсіз өкілдері жылына 2-3 рет қайырымдылық шарасын өткізіп тұрады. Тек Рамазан айында ғана емес, бұл адамдықтың белгісі дегенді алға тартқан олар, тағы да көптеген отбасыға қарасуды жоспарлап отыр.
© DIDARBEK.kz