Шымкентте базарлап ашылып, қоғамдық көліктер жүре бастады, деп жазады осы тақырыпта арнайы сюжет дайындаған «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ө.Мырзабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне орай бүгін елімізде төтенше жағдай аяқталып базарлар ашылып, қоғамдық көліктер жүре бастады. Алайда әлі де болса арқаны кеңге салуға ерте, оған себеп елімізде аты жаман індетті жұқтырғандар саны артпаса кеміген жоқ.
Орталық қырғы базардың алдына келгенімізде базар күзеті халықтан ішке кіру үшін медициналық, бедпердені талап етіп, тұтынушының қызуын өлшеп жатқанын көрдік. Сонымен қатар бұл базарда күніне екі рет дезинфекциялық жұмыстары жүреді екен. Айта кетейік базарға кіретін әрбір қақпадан базарға келген адамның қызуы өлшеніп медициналық беперде талап етіледі. Адамдар көп шоғырланатын жер болған соң Әрбір тұтынушыға санитарлық норманың қатаң сақталуын талап етеміз дейді базар әкімшісі.
Бүгінде короновирус індетімен қаламызда 245 адам тіркелген, егер санитарлық норманы сақтамаған жағдайда бұл індетті әрімен қарай өршітіп алуымыз мүмкін. Сондай-ақ қала тұрғындарыныңда карантин режимін қаншалықты сақтап жүргенінде байқап қайттық. Көзімізге медициналық бедпердесіз жүрген адамдарды сирек кездестірдік. Ал, шахар халқы болса төтенше жағдай аяқталғанымен әліде болса санитарлық нормаларды сақтағанымыз абзал дейді. Төтенше жағдай аяқталғанымен аты жаман аурудың әлі кете қоймағанын естен шығармағанымыз жөн. Тәртіпке бағынбай індетке салғырт қарап өзіңізге де өзгеге де зиян тигізбегеніңіз абзал.
© DIDARBEK.kz