2020 жылдан бастап экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік айыппұлдар 10 есеге артты. Бұл туралы Шымкент қалалық Экология департаментінің басшысы Оразғали Егембердиев брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ, жаңа экологиялық кодекстегі басты өзгерістер мен ағымдағы жылдың 4 айында атқарылған шаралар жайында айтты, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Ортайдың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Департамент қызметкерлері 2020 жылдың 4 айында түскен арыз-шағымдар негізінде 5 кәсіпорынға қатысты тексеру жүргізіп, жалпы сомасы 500 мың теңгеге жуық 9 әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ, департаментте әр жарты жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жұмыстары жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне соңғы жүргізген сыртқы талдау нәтижесі бойынша Департамент қызметіне байланысты бірқатар ескертулер көрсетілген. Ал, жаңа экологиялық кодекстің басты бағыты – «ластаушы төлейді» экологиялық қағидатын іске асыру.
Айта кетейік, Экологиялық кодекс 7 негізгі принциптерден тұрады, оларды жүзеге асыру, тиісті министрліктің айтуынша, қоршаған ортаның ахуалын жақсартады.
© DIDARBEK.kz