Шымкенттіктердің көбі төтенше жағдай мен карантин тіртібінің ара жігін ажырата алмай жүр. Себебі 11-ші мамырдан бастап қала көшелерінде сақтық шараларын сақтамайтындар қатары артуда. Мұндай жағдай жаңадан іске қосылған бизнес нысандардада кездеседі. Осы олқылықтар бойынша Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қызметкерлері баспасөз брифингін ұйымдастырды, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі К.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзған 120 дан астам шымкенттік кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылған. Жасырын ісін жүргізбек болған болған кейбір пысықайлар қамауғада алынған. Ал қазір төтенше жағдай тоқтады –деп сақтыққа селсоқ қарауға болмайды. Жауапты сала мамандары карантин тәртібін бұзғандарға шара қолданамыз –деп отыр.
Алмат Қосалиев — Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары
Ол сұрақтардың барлығы қазір шешіліп жатыр. Осы бір-екі күнде белгілі болады. Қандай шара қолданамыз, тәртіптік жазалардың барлығы алдағы уақытта белгілі болады.
4-ші мамырдан бастап Шымкентте 2600 бизнес нысаны қайта іске қосылды. Бас санитардың соңғы қаулысынан кейін 11-ші мамырдан тағы 447 кәсіпкер жұмысын бастады. Карантин кезінде кәсіпкерлерге кеңшілік жасалғанмен отбасылық, мәдени, діни іс-шараларға қатаң тиым өз күшінде. Сондықтан мегаполис тұрғындары алдағы уақыттарға той-думан жоспарламағаны абзал.
Алмат Қосалиев — Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары
Жеңілдік болған обьектілердің барлығы таңғы сағат 10 нан кешкі сағат 18 ге дейін. Жәнеде бұрынғыдай қала аумағында бізде отбасы арасында басқада жиындарға әліде тиым салынады.
Сақтық шаралары қаладағы барлық нысанда қатаң сақталуы керек. Мекемелерде жұмыс істейтіндердің 50 пайызы карантин тәртібі бойынша жұмысын қашықтықта жалғастыра береді. Бұл тәртіп 25-ші мамырға дейін жалғаса береді. Ары қарай эпидемиялық ақуалға қарай тағыда шешім шығарылады.
© DIDARBEK.kz