Қиналғанға қол ұшын созып, Мақтааралдықтарға демеу болу – азаматтық міндетіміз. Осылай деген Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі біз біргеміз деп тасқын судан зардап шеккен ағайынның қайғысын бөлісті. Бір жарым миллион теңгені арнайы қорға аударып, тұрғындардың жағдайын өз көздерімен көріп қайтты, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Н.Мұхамеджанның материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Еліміздегі қандай да бір қиындық, ол біздің бірлігімізді нығайтады, бауырмал ел екенімізді көрсетеді дейді ұйымдастырушы ардагерлер. Сондай-ақ, ол сынақты жеңе білу — баршамызға ортақ міндет дейді. Қазыналы қарттардың бұл қанатты сөзі кейінгіге өнеге, өзгеге үлгі боларлықтай. Мақтааралдықтарды қолдау ісі мен гуманитарлық көмек алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Исамудин Ырысбай– Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Ардагерлердің сапарында бұқара халықтың жағдайымен танысып, ондағы шаруаны бағамдап, қажеттілікті тізімге алу міндеті тұрды. Ауыл тұрғындарымен кездескен белсенді топ өкілдері, халықты ақпараттандырып, ой бөлісті.
© DIDARBEK.kz