Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Биыл ұлы жеңіске 75 жыл. Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді. Осы жеңіс жолында қаншама аға буын аталарымыз ерлікпен елін қорғады. Мереке қарсаңында төтенше жағдайлар басқармасы Қаратау ауданында тұратын қарт майдангерді құттықтады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Қалтай ата 1943 жылы 18 жасында Шымкенттен петропавл қаласына барып алғашқы әскери дайындықтан өтеді. Содан жапон соғысына аттанып байланысшы қызметін атқарады. Соғыстан оралған соң шахтаға жұмысқа тұрады.Соғыстан кейінгі жылдардағышахтадағы жұмыс екі есе ұлғая түсті. Соның барлығында іскерлігімен көзге түскен атай екі рет депуттат болып, ел қамы үшін аянбай еңбек етті.

Қалтай ата  зұлмат соғыстың кімге болсада оңай тимегенін айтады. Сондай-ақ ардагерді елеп-ескеріп келген төтенше жағдайлар қызметкерлеріне ақ батасын беріп, жұмыстарын абыроймен адал атқара беріңдер деген тілегін жеткізді. Ал төтенше жағдайлар қызметкерлері өз кезегінде үлкенді сыйлау, құрмет көрсету кейінгі буынның басты парызы деді.

Қария биыл 97 жасқа келген, атаның 9-шы мамыр күні туылған екі бірдей егіз немерелері бар, олардың есіміндерін батыр апаларындай болсын деп ырымдап Әлия Мәншүк деп қойыпты. Қарты бар үйдің қазынасы бар деп тегін айтылмаса керек, әсіресе соғыс ардагерлерін елеп ескеру біздің парыз.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу