Алда шомылу маусымы жақындап келеді. Осыған орай, Төтеншеліктер суда шомулы маусымына сақтық шараларын бір пысықтады. Әл-Фараби аудандық ТЖД-мен бірге жергілікті полиция қызметкерлері су айдындарында рейд өткізді. Мақсат шомылуға тыйым салынған аймақтарда қауіпсіздікті сақтау. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ө.Мырзабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды.
Әл-Фараби ауданына қарасты үш су айдыны бар. Атап айтқанда, Қошқар ата, Дендросаябақ ішіндегі көл, және жайлаукөл су айдыны. Шара барысында аталған аймақтарда шомылуға рұқсат етілмейді деген тақтайшалар орнатылды. Алайда дендросаябақ ішіндегі көлде қала тұрғындары қайықпен серуендеулеріне рұқсат етілген.
Айта кетейік, рұқсат етілмеген аймақта шомылған азаматтар мен бірге сол су айдынына жауапты қызметкерлер де жауапқа тартылатын болады. Ол жайында арнайы белгіленген аймақтарға ТЖД-нің бөлімдерінен арнайы хаттар да жолданған. Оның ішінде аранайы қауіпсіздік шараларын қалай сақтау қажеттігі жөнінде ескертулер бар.
Сақтансаң сақтаймын деген, заңға бағынып заң талаптарын сақтау әрбір азаматтың басты парызы. Сондықтан әрбір азамат белгіленген тәртіпке бағынулары қажет.
© DIDARBEK.kz