Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ ШОМЫЛУ ҚАУІПСІЗ БЕ?

ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ ШОМЫЛУ ҚАУІПСІЗ БЕ?

Шомылу маусымы жақындап келеді, алайда қаладағы өзен-көлдерде қауіпсіздік талаптары қаншалықты сақталған Арнайы құтқарушы топ, су айдынына демалуға келген халықты оқыс оқиғалардан құтқаруға қаншалықты дайын? Құтқару тобының маторлы қайықтары жеткілікті ме?

Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ө.Мырзабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды.

Бұл тоғыс су қоймасы, мұнда адамдар шілденің шіліңгір ыстығында келіп суға шомылып демалады. Алайда су қоймасы өте тереңдікте болғасын қауіпсіздікті сақтаулары қажет.  Тоғыс су қоймасындағы құтқарушы топ күнделікті жаттығуларын тоқтатпайды. Тәжірибелік жаттығуларын жасап, арнайы топ психологиялық жағынан да дайын болады. Ал технкалық жағына келер болсақ мұнда 29 құтқарушы қайық бар, бұл құтқарушы жасаққа жеткілікті дейді мамандар.

Оқыс оқиғалардың болуының негізгі себебі ересек демалушылардың белгіленген аймақтан өтіп өзінің жүзу қабілетін сынау мақсатында алысқа ұзап кетеді дейді мамандары. Ал мұндағы қауіпсіздік талабы бойынша балаларды қараусыз қалдыруға болмайды және белгіленген аймақтан асуға тыйым салынған, дейді жауаптылар.

Тағы да бір айта кететін жайт, тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балалар үшін бассейнде  тегін шомылуларына болады. Суда жүзе алмайтын балалар үшін жүзуге арнайы мамандардан сабақ алуларына да мүмкіндік бар.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу