Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Әл-Фараби ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде өртті болдырмау үшін шаруа қожалықтарында үгіт — алдын алу іс-шараларын жүргізеді.
Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Б. Расулов Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесіп, Шымкент қаласындағы А. Асқаров атындағы дендросаябағында болды. Өрт қауіпті кезеңде өрттерді болдырмау мақсатында минералданған жолақтар жүргізу қажет. Осы мәселе бойынша дендропарк қызметкерлерімен нұсқаулық жүргізіліп, жазғы өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы айтылды және жадынамалар таратылды.
Жалпы, осы саябаққа келуші қала тұрғындарының қатары аз емес. Әрбір келуші өрт қауіпсіздігінің талаптарын қатаң сақтай білген жөн.
Арнайы техника қаралып, оларды жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау бойынша ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, қызметкерлердің назары бақыланбайтын от жағуға, тұрақты құрғақ, ыстық және желді ауа райы жағдайында от жағуға жол берілмеуіне назар аударылды.
© DIDARBEK.kz