«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Заңғар Үсіпахметовтің қатысуымен «Төтенше жағдай кезінде «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы» кездесу өтті.
Дүниежүзінде болып жатқан пандемия бойынша 3 миллионға жуық адам шалдығып отыр. Бүгінде Қазақстан бойынша 4000 астам адам осы індетпен ауырып, оның ішінде Шымкент қаласында 200-ден астам адам шалдыққан.
Кездесу барысында елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен «Біз біргеміз» Республикалық қоры ашылғаны жайында толықтай айта кетті. Бұл қор негізінен елімізде тұрмыс жағдайы төмен отбасыға, 1,2 топтағы мүгедектерге, көпбалалы отбасыларға оның ішінде-мұқтаж жандарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл ардагерлерге карантин уақытысында көмек көрсетуде. Тұрғындарға үйлерінен шықпай керекті азық-түліктің жеткізілгені жайында айтып өтті. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 3940 отбасыға «Біз біргеміз» қорынан 51 миллион 527 500 теңге азық-түлігі таратылғанын мәлімдеді.
Айта кететін жайт, «Біз біргеміз» қоры мемлекеттен бөлінген қаржы емес. Ауқатты азаматтар, бизнесмендер, үлкен ұлттық компаниялардан жиналған қор екендігін ашып айтты. «Біз біргеміз» қоры арқылы Қазақстан Республикасының негізгі саны көп 23 қалаға 50 мыңнан беру туралы шешім қабылданған. Оны тек көмекке мұқтаж жандар ала алады. Оған арнайы комиссия құрылған, жергілікті әкімдіктің берген тізімі бойынша «Ізгілікте жарысайық» атты қоры әр отбасын тікелей тексеріп, негізгі категорияларға бөліп, анықтап, шешім қабылдайтыны жайында айта кетті.
Сонымен қатар, аталған көмекті Шымкент қаласында 1 кезеңде 21864 азамат алды. Ал, 2 кезеңде 19766 адам алып отыр.
© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті