Бүгін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысының орынбасары Қымбетов Нұрпейіс Тансықбайұлымен онлайн сұхбаты өтті. Сұхбатта елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты салық төлеушілерге көрсетіліп жатқан қолдаулар және Шымкент қаласының шенеунік кірістер органдарының атқарып жатқан қызметтері бойынша қозғалды.
Салық төлеушілерге көмек көрсету, кеңестер беру және олардан туындаған мәселелерді шешу мақсатында, Шымкент қаласының Департаменті мен оның құрыымдық бөлімшелерінде 39 жұмыс телефондары арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Мемлекет тарапынан салық төлеушілерге көрсетіліп жатқан қолдау жайында шағын және орта бизнес тұлғалары үшін салық төлеу мерзімі ағымдағы жылдың бірінші маусымына дейін ұзартылғанын жеткізді.
Барлығына мәлім халыққа көмек көрсету бойынша 42500 теңге әлеуметтік көмек көрсетілуде. Осыған орай халық әлеуметтік көмекті кедергісіз алу үшін Департамент тарапынан 27236 шығын операциясын тоқтату туралы және 11664 инкассалық өкімдері кері қайтарылғандығын айтты. Сондықтан Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті алуға ешқандай кедергілер жоқ екендігін хабарлайды. Осы жылдың соңына дейін ауылшаруашылығы жеріне жер салығы, сауда орындарының көлемі 2000 шаршы метрден кең емес ірі сауда обьектілері, кинотеатрлар, театрлар, спорт кешені, туризм, тамақтандыру, қонақ үйлер обьектілері бойынша заң тұлға мен жеке кәсіпкерлер мүлік салығынан босатылғаны жайында айтты.
© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті