Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 4 АЙДА 53 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІРКЕЛГЕН

4 АЙДА 53 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІРКЕЛГЕН

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде Департамент басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар Әбдінабиұлының,  «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жани Сайдуллаұлының қатысуымен онлайн форматта кездесу өтті.

Кездесуде «Департаменттің 2020 жылдың 4 айындағы жедел-тергеу қызметі туралы», «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің негізгі бағыттары туралы» мәселелер сөз болды.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар Әбдінабиұлы,  сыбайлас жемқорлықпен күрес басты мақсаты болып табылатынын айта өтіп, Шымкент қаласы бойынша ағымдағы жылдың 4 айы бойынша сөз қозғалды. Оның ішінде жыл басынан бері 53 қылмыстық іс тіркелген. Тіркелген қылмыстың ішінде парақорлық, жымқыру, алаяқтық фактілері орын алып жатқандығын мәлімдеді. Салаларға бөліп қарастырғанда, анықталған қылмыстың басым бөлігі құқық қорғау органдарында 19 факт, санитарлық эпидемиялық бақылау саласында 12 факт, кедендік және құрылыс саласында 2 факт тіркеліп, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік салаларда 1 факттен тіркелгені жөнінде хабарлады. Қазіргі таңда осы іспен қызу жұмыстарың жүргізіліп жатқандығы туралы айта кетті. Мемлекеттік лауазымда отырған тұлғаларға жаза қолданғандығы жайы сөз болды.

Жалпы, қылмыстық істерді тіркеу барысында, қабылдаған шаралар нәтижесінде,  Мемлекетке 7 миллиард теңге көлемінде шығын өтелген.

Қорытындылай келе, тиісті жұмыстар одан әрі жалғасын табатынын айта отырып, бүгінде әрбір қылмыстық іс бойынша, Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың себептері мен шарттарын жою туралы ұсыныстар енгізілетінін мәлімдеді.

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Пікір жазу