Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде Әл-Фараби ауданы бойынша бас имам Керімбек Ахметжан Пірәліұлы онлайн сұхбат берді.
Біздің дініміз-адал дін. Сонымен қоса Алла Тағала әр пендеге өмір берді. Ол өмірді дұрыс жолда, хақ жолында, тура жолда өмір кешіруіміз қажет. Алла Тағала осы қасиетті айда күнәләрімізді кешіріп, жасаған амалдарымызды, тұтқан оразаларымызды қабыл етсін. Ораза ұстаушы жан тек уақытында жеп, ішу емес, өз жан тәнін тазалыққа, сонымен қатар көзінде, тілінде, құлағында тыйсын деген мәмілеге тоқталды.
Карантин кезіндегі ауызашар мәселесі бойынша, жағдайды ескеріп, мұқтаж ораза тұтушы жандардың үйіне тасмалдап, жеткізіп беру арқылы ауызашарберуге болады. Қазір мешіттерде осындай шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Пітір садақа жайында, бір жанға берілетін мұқтаж, әлсіз жанға берілетін садақаны айтады. Айт намазға бара жатқан кезде, бүкіл мұсылман тойлайтын мейрамда, біз мұқтаж жандарды ұмытпай оларға пітір садақа беруіміз керектігін еске салып өтті. Онымен құрылыс салынбайды, байып кетпейді. Тек қарны аш жанның қарнын тойдыру мақсатында берілетіндігін айтты. Қазір төтенше жағдайларға байланысты банк есеп шоттары арқылы пітір садақа беріліп жатқандығын ескерте кетті.
Айта кететін жайт, діни басқармасының санағымен есептегенде, пітір садақа 370 теңге болып белгіленіп отыр.
© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті