Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері туралы онлайн сұхбат өтті.  Кездесуге Департамент басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар, Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Егембердиев қатысты.

Жалпы экология саоласындағы құқық бұзушылықтар адамзаттың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ағымдағы жылдың ақпан айында Шымкент қаласы бойынша экология Департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуелділіктеріне талдау жасалып, нәтижесінде нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайының бар екендігін көрсетті. Атап өтсек, әкімшілік іс жүргізілу барысында, экологиялық заңнаманы тексеру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жүйесі туындағаны жайында сөз қозғады. Лауазымды тұлға жіберілген қате жазуларды, мазмұнын өзгертпей түзетуге құқылы екенін атап өтті. Экологиялық бақылауда жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға есептер тапсыру барысында, сыбайлас жемқорлыққа тәуелділіктері анықталғанын ашып айтты. Өткен жылы арнайы табиғат пайдалануды жүзеге асыратын тұлғаларынан 540-тан астам осындай есептер ұсынылғанын мәлімдеді. Лауазымды тұлға мен жеке және заңды тұлға арасында тікелей байланыс сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың негізгі себептері екенін айта кетті. Қорытындылай келе, осының барлығын алдын алу мақсатында біршама іс-шара, жоспарлары жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Пікір жазу