Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАЛАДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ

ҚАЛАДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде Шымкент қаласы бойынша
Арнайы мониторингтік топ жетекшісі Әсет Әссанди қалалық арнайы мониторингтік топтың жұмыс қарқыны мен атқарған істері туралы сұхбат берді.

Сұхбат барысында спикер арнайы мониторинг топтың Шымкент қаласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  Шымкент қаласы бойынша департаментінің жанында құрылып, негізінен түрлі салада жемқорлыққа қарсы, жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жолында қоғамдық бақылау жүргізетін топ екендігін айтып өтті.

Арнайы мониторингтік топ елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері қаладағы кіре-беріс жерлердегі блок-бекеттердің жағдайдына мониторинг жасап, қала базарларындағы, азық-түлік базарларындағы, дүкендердегі бағалардың шарықтап кетпеуін қадағалап отырды.   Қала аумағында он шақты  рет рейдке шығып, нәтижелерін әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды хабардар етіп отырды.

Алғашқы кезде тым шарықтап кеткен бағалардың төмен түсуі, қазіргі жағдайда қалыпқа түсуі бір жағынан арнайы мониторнгтік топтың жұмысына да байланысты. Ал, блок-бекеттерге келетін болсақ, бастапқы кезде оның жұмысының қалай болатыны белгісіз еді. Ол бекеттерде жұмыс істеп жүрген медицина, полиция қызметкерлері үшін жаңа бір жұмыстың түрі болды.  Бастапқыда блок-бекет мамандарының тиісті құралдармен дер кезінде қамтамасыз етілмеуі  көптеген қиындықтар туғызды.

Азық-түлік бағаларының шарықтап кету мәселесіне келетін болсақ, қаладағы төтенше жағдай жөніндегі штабтың шешімімен, қала әкімдігімен бірігіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне шектік баға қойылған болатын. Сол шектік баға сақталмаған жағдайлар орын алып жатты. Себебі, шектік бағалар белгіленген азық-түліктер белгілі сауда орындарында сатылуы керек болатын.  Белгіленген сауда орындарында шектік баға көрінбей, өздерінің нарықтық бағаларымен азық-түлік сатқан жағдайлар орын алды. Бұл мәселе дер кезінде қала әкімдігі мен штабтың назарына ұсынылды. Оның барлығы жедел түрде қадағалауға алынып,  шектік бағалар сақталып қалды.

Сонымен қатар, арнайы мониторнг топ жетекшісі қандай да бір сұрақтары және ұсыныстары бойынша топ мүшелерінің әлеуметтік желідегі парақшалары, байланыс телефондары арқылы, сыбайлас жемқорыққа қарсы іс қимыл департаментіндегі топтың жұмыс орнына қоғамымызда орын алып жатқан олқылықтар болса, хабарласуға болатынын айтып өтті.

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Пікір жазу