Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ АЙТЫЛДЫ

ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ АЙТЫЛДЫ

«Бүгінгі күннің өзекті мәселелері» бағдарламасына «Оңтүстік» радиосында Әл-Фараби ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Н. Тоғайбай қатысты. Ол тыңдаушыларға қала аумағындағы өртке қарсы тәртіптің ерекшеліктері, өрт қауіпті кезеңде өрттердің пайда болу себептері, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы айтты. Сонымен қатар суға шомылу маусымы қарсаңында ол судағы қауіпсіздік туралы өте маңызды мәселені қозғады.
Қала тұрғындары қазір өзін-өзі оқшаулау тәртібінде болса да, судағы қауіпсіздік мәселелері әлі де өзекті. Кейбір шектеу шаралары жеңілдетілді, сондықтан ата-аналар ыстық ауа райына қарамастан, балаларға шомылуға ерте екенін түсіндіру маңызды. Радиотолқын тыңдаушыларына Н. Тоғайбай жазғы суға шомылу кезіндегі су объектілеріндегі тәртіптің негізгі ережелерін еске салды. Бағдарлама жүргізушісі жақсы сұхбат пен пайдалы ақпарат үшін алғыс білдірді.

Айта кететін жайт, қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан орман өрттерінің алдын алу бойынша аудан аумағында түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу