Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 222 НАУҚАС ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

222 НАУҚАС ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Шымкентте коронавирустан жазылып шыққандардың саны 222-ге жетті. Соңғы бес тәуліктің ішінде қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан 22 науқас коронавирус инфекциясын жазылып, үйлеріне шығарылған. Оның ішінде 17-сі 45-жасқа дейінгі азаматтар болса, қалған бесеуі 50 жастан асқан егде жастағы науқастар.

Коронавирус инфекциясынан ауруханадан жазылып шыққандар екі аптаға жуық жергілікті емханасы бойынша дәрігерлердің бақылауында болады.

Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасынан 222 азамат коронавирус инфекциясынан жазылып, ауруханадан шығарылды.

Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Айтап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.

Күн сайын өңірімізде коронавирус індетін жұқтырған азаматтар жазылып, барлық қиыншылықтарды артқа тастап, ертерек отбасымен қауышуларына тілектеспіз.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу