25 мамырдағы жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған 606 азамат тіркеліп, 218 науқас емделіп шықты. Бұл жайында Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық порталының тілшісі.
Өкінішке орай, бүгінгі таңға дейін пандемиядан 6 адам қайтыс болды.
Өткен тәулікте жүргізілген лабораториялық зерттеу 36 жаңа жағдайды анықтады. Бір тәуліктегі өсімі 6,3%-ды құрады.
Covid-19 вирусының 22-сі сырттан келгендер, 359-зы науқастармен қатынаста болғандардан, 225-і жергілікті жерден шыққан.
«COVID-19» жұқтырғандардың 12% (74) балалар, 88% (532) ересек азаматтар.
Емдеудегі 388 науқастың 302-і немесе 78%-і жеңіл, 11-і-жағдайы ауыр, орташа жағдайда 75 адам.
Барлығы қалада 260 карантиндік ошақтар тіркелген. Бүгінгі күнге 132–сі бақылауда.
Қалада инфекцияның тез таралуына жол бермеу мақсатында әкімшілік тарапынан бірнеше маңызды шаралар қабылданды.
Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады.
Күн сайын өңірімізде коронавирус індетін жұқтырған азаматтар жазылып, барлық қиыншылықтарды артқа тастап, ертерек отбасымен қауышуларына тілектеспіз.
© DIDARBEK.kz