Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ГОСПИТАЛЬ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ГОСПИТАЛЬ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Еліміздің үшінші мегаполисінде осы жылдың 1-ші маусымында 200 орындық жұқпалы ауруларға арналған госпиталь пайдалануға беріледі. Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов мәлімдеді. Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, бүгінгі күнге дейін 2 миллионнан астам көп қолданылатын маскалар, 88 тонна дезинфекциялық заттар, 166 мыңнан астам спрей шығарылды.

Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмекпен, жеке медициналық қорғау заттармен және тиісті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Қалада жұқпалы аурулар ауруханасында коронавируске арналған төсек орындар 300-ден 450-ге ұлғайтылды. Бұдан басқа, 320 төсек орындық провизорлық стационарлар, 1 416 карантиндік орындар ашылды.

Covid-19 жұқтырған азаматтарды уақытылы анықтау мақсатында, лабораториялық тесттен өткізу шаралары күшейтілді.

Қаладағы Ұлттық зерттеу орталығының филиалынан бөлек, қосымша 3 лабораториялық зерттеу орындары ашылды. Нәтижесінде, күніне тестілеу қуаттылығы 300-ден 500-ге жеткізілді.
Сонымен қатар, жаңадан 2 лаборатория ашылып,тестілеуді 3 есеге дейін ұлғайтатын болады.

Сәуір-мамыр айларында жоспарлы тестілеуден өтетін 23 мың адамның 19 845 яғни, 86% ПЦР тесттен өткізілді.

Қала әкімдігі резервінен коронавируске қарсы шараларға 1,2 млрд.теңге қаржы бағытталды. Оның ішінде, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 501 млн.теңге бөлінді.

Одан бөлек, 5,8 млрд.теңгеге қалада жаңадан 200 орындық жұқпалы ауруларға арналған госпиталь құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1-ші маусымында пайдалануға берілетін болады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу