Шымкент қаласында карантин кезінде азық-түлік тауарларының тапшылығын болдырмау мақсатында 50 тауар өндіруші кәсіпорын, 18 қойма және 25 сауда нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов онлайн-брифингте мәлім етті.
Бұл мақсатта халыққа бірінші кезектегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 2020 жылға тұрақтандыру қорына қалалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге бөлінді.
Осының есебінен, қаладағы ірі сауда нысаны «Грамад» гипермаркетіне несиелендіру келісім-шарты түзіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Келісім-шарт бойынша, жалпы 11 түрлі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіледі.
Атап айтқанда: 550 тонна – күріш, 2650 тонна – 1 сұрыпты ұн, 70 мың дана – 1 сұрыпты ұннан жасалған нан, 220 тонна – қарақұмық, 2500 тонна – макарон өнімдері, 700 мың литр – күнбағыс майы, 240 тонна – қырыққабат, 310 тонна – сәбіз, 450 тонна – пияз, 1000 тонна – картоп, 2200 тонна – құмшекер.
Бүгінгі күнге, түзілген келісім-шарттар аясында 10 мың 120 тонна тауар есебінен 3 ай мерзім ішінде халық 8 мың 800 тоннаға жуық азық-түлік тауарларымен қамтылды.
Қазіргі таңда қалада азық-түлік қоры жеткілікті және баға тұрақты бақылауда.
© DIDARBEK.kz