Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгінгі онлайн-брифингте елімізде төтенше жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен Үкіметте экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар әзірленгенін айтты. Осы жоспарға сәйкес Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілген.
Шымкентте шағын шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін салықтық жеңілдіктер берілді және 3 жылға тексеруден босатылды.
Атап айтқанда:
— ірі сауда нысандары, кинотеатрлар, театрлар мен спорт нысандары бір жылға заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүлік салығынан босатылды;
— жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер табыс салығынан босатылды;
— ағымдағы жылдың 15 наурызынан 15-маусымына дейін өсімпұлдарды есептеу тоқтатылды;
— салық есептілігінің мерзімін 3 тоқсанға ауыстырылды;
— тамақ өнімдерін өндіру көлемі бойынша шикізат базасын өсіру және оның сапасын арттыру мақсатында жоғары сапалы биологиялық өнім импортына қосымша құн салығынан босатылды;
— 2020 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық төлеуден босатылды.
© DIDARBEK.kz