Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАУДА

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАУДА

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы 25 мамырдан бастап барлық санитарлық және эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, азаматтарды қабылдауды бастады.

Ғимараттың сыртына арнайы шатырлар орнатылып, арақашықтығы сақталған орындықтар қойылды. Одан бөлек, кіре берісте дезинфекциялық туннель жұмыс істеп тұр. Ғимаратқа  кірген әрбір адамның дене қызуы арнайы аппаратпен жіті бақылануда.

Қазіргі таңда азаматтарға әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша кеңестер беріліп, қажет болған жағдайда құжаттар қабылдануда.

Айта кетейік, орталық 26 наурыздан бастап қашықтан жұмыс істеуге көшкен болатын. Осы аралықта 15 мыңға жуық азамат айлық есептік көрсеткіші бойынша электронды түрде құжаттарын рәсімдеген.

Ал, бүгінгі таңға дейін 4 мың адам орталық арқылы тұрақты жұмысқа орналасып, 2 500 азаматқа қоғамдық және практикалық жұмыстарға жолдама берілген.

Қалалық жұмыспен қамту орталығы халықтың жиі баратын мекемесі болғандықтан, мамандар тарапынан ұсынылған талаптарды барынша орындап, қауіпсіздік шараларын сақтаған абзал.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу