Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Қайырымдылық акциясы Келес пен Сайрам ауданында жалғасын тапты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Келес аудандық полиция бөлімінің басшысы полиция полковнигі Болат Қаныбековтің ұйымдастыруымен аудандық полиция қызметкерлері «Nur Otan» партиясының «BIZBIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында «Ауыз ашар» челленджіне үн қосып, аудандағы 11 отбасына бірінші кезектегі азық-түлік себетімен таратып, қамқорлық жасады.

Ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Саттар Отыншиев пен «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабаев және «Сәт» медиахолдингінің тілшісі Мейірхан Берікбай еріктілер ретінде аудан көлеміндегі қаза болған Ауған соғысы ардагерлерінің және аса мұқтаж отбасыларын қасиетті Рамазан айы және мамыр айындағы мерекелермен құттықтай келе, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен ауған соғысы ардагерлеріне азық-түліктерді табыстады.

-Игі іске ұйытқы болған жандардың баршасына үлкен рахметімізді айтамыз. Полиция қызметкерлері мен «Nur Otan» партиясының мүшелері үйге азық-түлік алып келіп берді. Ораза айында жасап жатқан қайырымды істері еселеп қайтсын – дейді ауыл тұрғыны Әйгерім Мамбетова.
Себеттердің ішінде ұн, май, күріш және күнделікті тұтыну тауарлары бар. Аталған шара Абай, Жүзімдік. Ошақты, біртілек аудандарында да жалғасты.

Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгілік пен адамның ең асыл қасиеті. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мүмкіндігінше көмек беруге Сайрам аудандық полиция басқармасының ұжымы да үлес қосты.

Сайрам АПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Абзал Әуеновтың ұйымдастыруымен полицейлер бұл жолы да тұрмысы төмен отбасыларға көмек берді. Яғни, қазіргі карантин кезеңінде тәртіп сақшылары қызмет бабында қайтыс болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына және аудандағы тұрмысы төмен отбасыларға, жалпы 15 отбасына қайырымдылық жасап, азық-түлік пен материалдық көмек көрсетті.

Полиция қызметкерлерінің назар аударып, отбастарына арнайы келгеніне тұрғындарда дән риза. Шынайы алғыстарын жаудыруда. Дәстүрге айналған бұл игі шаралар алдағы уақытта да полицейлер тарапынан өз жалғасын таппақ.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу