Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШӘКІРТАҚЫСЫ АРТАДЫ

ШӘКІРТАҚЫСЫ АРТАДЫ

ҚР Президенті Қ. Тоқаев Ұлттық кеңес отырысында білім саласына қатысты біршама мәселелерді көтерді.

Мемлекет басшысы Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет екендігін де алға тартты.

Педагогикалық мамандықтарға сұранысты арттыру мақсатында шәкіртақыны 26 мыңнан 42 мыңға дейін көтерілетінін айтты.

ЖОО оқытушыларының еңбекақысы көбейтуді де тапсырды.
Президент осылайша бүгін білім саласын жетілдіру тетіктерін қозғап, алдағы уақытта атқарылар шараларды нақты атап көрсетті.

Мен өзім осы ЖОО-да жұмыс істейтіндіктен осы салаға деген мемлекет басшысының сенімін ақтауға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз деп нық айта аламын.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп, білім беру саласындағы реформаларға тоқталды. Ұлттық қоғамдық кеңестің үшінші отырысы адами капиталды дамыту мәселесіне арналды. Бұл — білім беру, ғылым, денсаулық сақтау саласы.

Н.ОМАРОВ,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ филология факультеті,

қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі

Пікір жазу