Шымкентте қаланың Бас санитарының қаулысымен карантиндік шара 8 маусымға дейін ұзартылды. Қала тұрғындары санитарлық талап бойынша көшеде, қоғамдық орындарда, дүкен мен базар, қоғамдық көлікте еркін жүруіне рұқсат етілгенімен, эпидемиологиялық жағдайларды ұмытпауы тиіс.
Шымкент қаласында 2020 жылдың 27 мамырдағы мәлімет бойынша, COVID-19 инфекциясымен 732 жағдай тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 69,4 құрап отыр. Сондықтан әрбір қалалық үшін қарапайым санитарлық талаптарды сақтау маңызды.
Қазіргі таңда, қала аумағында залалсыздандыру жұмыстары тоқтаған жоқ. Абай, Еңбекші, Әл-Фараби, Қаратау аудандарында дезинфекция жұмыстары күнделікті бекітілген кесте бойынша жалғасып жатыр. Бұл іс-шаралар инфекцияның алдын алу, таралуына жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар.
Қала көшелері, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, жалпы пайдаланылуға арналған орындардың барлығына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Қала көшелері бойындағы қоқыс салатын урналар, орындықтар, қоғамдық көлік аялдамалары, жер асты және жер үсті жолдарын дезенфекциялау жұмыстары да жалғағсын табуда.
Өз тілшімізден.
Фото: Серик Косаев