Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КОНКУРСҚА ҚАТЫСУДА

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУДА

Ұстаздарды «Адамдық диқаншысы» деп Алаш арыстарының бірі А.Байтұрсынов бекерден-бекер атамаса керек. Шәкіртінің бойына ізгілік нәрін сеуіп, адамгершілік дәнін егетін ғазиз жандарды қалай құрметтесек те артық емес.Ұстаз бала жанының бағбаны іспетті. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балапандарды өзіне баурап алып, мейірімі мен шапағатын төге жүріп, өз уақытын аямай, шәкіртін бақытқа жеткізеді, мақсат қояды. Ол тек шәкіртін ғана емес, ұлтын, күллі адамзат баласын бақытқа жеткізу үшін ізденеді, еңбектенеді. Дәл осы орасан зор еңбек нәтижесі әрдайым өзінің жемісін берері сөзсіз …

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 157 бұйрығына сәйкес, конкурстың II кезеңі – республикалық маңызы бар қала ретінде жоспар бойынша 26-28 – мамыр күндері өткізілуде.
Конкурс қорытындысына сәйкес Ш республикалық кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары анықталады.

Конкурстың II кезеңін өткізу туралы хабарландырубілім басқармасына қарасты барлық білім беру ұйымдарына күнтізбелік он бес күн бұрын жарияланып, әдістемелік орталықтың фейсбук парақшасына орналастырылды.
Педагогтердің жұмысын бағалау үшін комиссия құрамына:
— жоғарғы оқу орындарының ғалымдары;
— педагог мамандардың біліктілігін арттыру институт қызметкерлері;
— Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері;
— шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәжірибелі педагогтері;
— кәсіби конкурстардың жеңімпаздарынан құралды.
«Үздік педагог» атағын беруге арналған конкурсқа қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау — педагогтің кәсіби құзыреттілігін, педагогтің білім беруді дамытуға қосқан үлесін,педагог қызметінің нәтижелілігін, педагогтің кәсіби шеберлігі мен тұлғасын бағалау бойынша жүргізіледі.
Аталған конкурсқа жалпы саны — 156 педагог өз өтінімдері мен құжаттарын тапсырды.
Мақсаты — «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, педагогтердің іс-тәжірибесін насихаттау, мұғалімнің қоғамдық негізгі бейнесін қалыптастыру, қала мұғалімдерінің белсенділігін, дербестігін, креативтігін, шығармашылық ізденістігін көтеру, нәтижеге бағытталған тиімді технология мен оқыту әдістерін іздеу.
Эссе тақырыптары:«Мен армандаған мектеп», «Менің арманымдағы мектеп», «Мен – педагогпін», «Мамандығым –мақтанышым».

Педагогтер «Үздік педагог» атағын беру қағидаларының ерекшеліктерімен жыл бойы әдістемелік орталық қызметкерлерінің түрлі іс-шаралар ұйымдастыруы және өолдау танытуымен таныстырылып, жүйелі түрде жұмыстар жүргізілді. Осы орайда конкурсқа қатысушы үміткерлер құжаттар мен тапсырылатын әдістемелік ұсынымдардың талапқа сай рәсімделу тәртібін толық таныстыру мақсатында келесідегідей іс-шаралар үйымдастырылды:
— 2020 жылғы12 ақпанда ««Үздік педагог» атағын беру қағидаларының ерекшеліктері» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өткізіліп, «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына енгізілген өзгерістер туралы айтылды, конкурс ережесі таныстырылды. Аталған конкурсқа дайындық жұмыстарын жүргізе беру туралы айтылды. Іс-шара №90 жалпы білім беретін мектепте өтті.

— барлық білім беру мекемелерінің директор орынбасарлары қатысуымен «Үздік педагог-2019» республикалық байқауы жеңімпазының авторлық зертханасы туралы онлайн семинар өткізілді.
Семинар барысында педагогикалық шығармашылық бағыттар туралы, әдістемелік көмекші құралдар, авторлық бағдарламалар және оқушыларды ғылыми жобаға дайындаудың тиімді жолдары айтылды.

Бүгінгі күні жинақталған педагог-үміткерлердің құжаттары толық сараптамадан өткізілуде. Барынша әділ, ашық, шынайы ұйымдастырлған қазылар алқасының қорытындысы өз мәресіне жетуге шақ қалды. Байқауға қатысушы үміткер-педагогтерге барынша Сәттілік пен Абырой тілеймін. Еңбектеріңіз табысты да жемісті болып, «Үздік педагог» мәртебесі атағын алып, қаламыздың білім сапасын арттыра беріңіздер демекпін.

Құрметпен,

Жанат Арысбекқызы

Пікір жазу