Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОРАЛДАН ШЫҚҚАН КЕРУЕН

ОРАЛДАН ШЫҚҚАН КЕРУЕН

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан жолға шыққан керуен Мақтаарал ауданына келіп жетті. 12 тонна гуманитарлық көмекті жинауға Батыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен кәсіпкерлері үлес қосқан. Сондай-ақ, еріктілердің ықпал етуімен керуен көлігіне азық — түліктер мен құрылыс материалдары, киім-кешек және тұрмыстық қажетті құрал-жабдықтар тиелген, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдық ағайындарға көмек қолын созуға батыстағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы мен «Бірлік» еріктілер тобы, «Достық» қазақ-вайнах пен «Patriot» спорт клубы, сонымен бірге «Кадыргалиев Т.А.» ЖК, «UralskRunners» жүгірушілердің клуб мүшелері ұйымдастыруға атсалысып, қаражат жинауға сеп болған.

Ал, Батыстан Оңтүстікке дейін жол тартқан көмек көлігін Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Мақтаарал ауданындық филиалы мамандары, этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелерікүтіп алып, гуманитарлық көмек қоймаға тапсырылды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу