Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

Абай ауданында баспанасыз қалған тұрғындар мәселесі шешілуде. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен «Nur Otan» партиясы активінің бейнеконференция мәжілісінде айтылды.  Жиын барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорымен атқарылып жатқан жұмыстар мен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары, партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің Шымкентке жасаған іссапарында және ҚР Премьер-министрі А.Маминнің азаматтарды қабылдау кезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.

Шымкентте өртке оранған М.Водопьянова көшесіндегі №1а көпқабатты үйдің құрылысы жөнінде Абай ауданының әкімі Б.Парманов мәлімдеді.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде 42 отбасы баспанасыз қалған. Мүлдем баспанасы болмаған 22 отбасы жатақханамен қамтылып, қалғаны туыстарына жайғастырылған. Ал 25 отбасыға 1 млн теңгедей қаржылай көмек көрсетілген. Қазір 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Баспана қыркүйекте тұрғындарға толығымен пайдалануға беріледі.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу