Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БАУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН

БАУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев ауданымызда болып, бірқатар кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты. Мәртебелі меймандарды ауданымызға кіре беріс жолдан күтіп алған аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов қарқынды бау ісін қолға алып, өз кәсібін өрге сүйреп отырған серіктестіктің шаруашылығымен таныстырды.

Қоғам ауыл округі аумағында орналасқан «Отырар-Құрал» ЖШС 2019 жылы құрылған. Жобаның инвестициялық құны бүгінгі таңда 300 млн. теңгені құраған. Серіктестіктің меншігінде 50 гектар жер болса, бүгінде оның 25 гектарына Түрік елінен әкелінген алма, өрік ағаштарының көшеттері отырғызылған.

Қазіргі таңда, бауда алманың Ред делишес, Голден делишес, Гала, Гренни смит сорттары бар. Қожалық жұмысымен танысқан Мейіржан Иябайұлы қарқынды бау көлемін арттыру ісін одан әрі жандандыру керектігін, қажет болса мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді алуға көмек беруге дайын екенін жеткізді.
Мұнан соң қонақтар «Отырар – Сүт-Ет» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінде болды.

Сүт және ет өнімдерін өңдеумен айналысатын мекеме 2015 жылы құрылған. Кооператив тәулігіне 5 тонна сүт, 1 тонна ет өңдеуге қауқарлы. Отырар ауданында өндірілетін ұлттық сусын – шұбат бүгінде бүкіл Қазақстан нарығын қамтып отыр. Ұлттық брендіміздің бағасы қалтаға қонымды, сапасы жоғары. «Отырар – Сүт-Ет» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі соңғы жылдары жергілікті балабақшалар мен мектеп балаларын бір мезгіл сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.

Мейіржан Мырзалиев жұмыс сапарының соңында ауданда жүзеге асатын бірнеше инвестициялық жобалармен танысып, аудандағы кәсіпкерлік саласының жұмыстарына оң бағасын берді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу