Бүгін облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі Н.Байғұт бастаған аудандық жұмысшы топ Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ағымдағы жылдың 24 мамырындағы №20 қаулысын іске асыру мақсатында аудан аумағындағы халық көп шоғырланатын аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылы мен Түлкібас кентінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы екі аймаққа аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы бастаған құрамында: аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық кәсіпкерлік, ішкі саясат, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшылары, полиция мен ауылдық округ әкімдері және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы мен мамандары базарлар мен сауда орталықтарында және КазПочта мекемелері мен орталық көшелерде COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу максатында алдын алу шараларын аудан тұрғындарына кеңінен түсіндірді.
Түсіндіру шарасы барысында аудан басшысы әр сауда қатарларына өзі кіріп, сатушыларға індеттің қаупі жайлы және облыс басшысы Ɵмiрзақ Естайұлының;
«Отбасымыздың, туған-туыстың, ата-анамыздың амандығын ойласақ әлі де карантин режимін сақтауымыз қажет. Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынады. Бұл бойынша құқық қорғау органдарына арнайы жиналыс жасап, тапсырдым. Заңға бағынбаған кәсіпкерлерге жаза қолдану керек», деп айтқан облыс тұрғындарына мәлімдемесін аудан кəсiпкерлері мен тұрғындарына жеткiзiп түсiндiрдi.
Сонымен қатар, сауда орындары мен базарларды аралау барысында аудан басшысы бірінші кезектегі қажетті азық-түлік бағасына мониторинг жасап, бағасы белгіленген шектен жоғары тауарлар бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысына бағаны тұрақтандыру мақсатында тиісті шаралар атқаруды тапсырды.
Шара барысында аудан аумағында карантиндiк режим талаптары сақталып отырғанына тағы бiр кɵз жеткiзді.
© DIDARBEK.kz