Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫҢЫЗДЫ ТІРКЕУГЕ АСЫҒЫҢЫЗДАР!

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫҢЫЗДЫ ТІРКЕУГЕ АСЫҒЫҢЫЗДАР!

«Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 306 қаулысы негізінде 2020 жылдың 1 МАУСЫМ мен 1 ҚЫРКҮЙЕК аралығында Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейінгі еліміздің аумағына кіргізілген көлік құралдарын тіркеуге алу жұмыстары басталды.
Қабылданған қаулы шеңберінде көлік құралын тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды,
— оған 695 теңге (0,25 АЕК)- тіркеу үшін алым;
— 3 773 теңге (1,25 АЕК)- көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж;
— 7 778 теңге (2,8 АЕК)- мем.нөмер үшін баж кіреді.
БАСҚА ТӨЛЕМДЕР КӨЗДЕЛМЕГЕН!
Шымкент қаласы бойынша көлік құралдарын тіркеу үшін құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Халыққа қызмет көрсету орталығының Шымкент қаласы бойынша филиалдары келесі мамандандырылған бөлімдерінде қабылданады:
— Шымкент қаласы Достық м/а., н/з үйде орналасқан №1 мамандандырылған бөлімі;
— Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ташкент тас жолы, 341 үйде орналасқан №2 мамандандырылған бөлімі;
— Шымкент қаласы Бекжан базары ғимаратында орналасқан №3 мамандандырылған бөлімі.
Аталған мәселеге қатысты сұрақтарыңыз болса, Шымкент қаласы Полиция департаментінің 8/7252/ 30-02-02 және 97-66-95 телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар!

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу