1-маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қаладағы №2 оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды. Жаңа корпус 60 төсек-орынға лайықталған.
Орталықта невралогиялық ақауы бар және кардиохирругиялық, ортапедиялық отадан кейін балалар оңалту емін алады. Бұл үшін мұнда медицина мамандары балаларға физиотерапиялық емнен бастап, гидроәдіс, массаж және логопед пен психологтың қызметін көрсетеді. Сондай-ақ емдеу мекемесінде мамандар монтессори жүйесі бойынша жұмыс істейді.
Тағы ескерерлігі, өз еркімен қимылдай алмайтын балалар арнайы анықтама қағазы арқылы ата-анасымен келіп орталықта ем қабылдай алады.
Оңалту орталығында 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсетіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаған болатын. «Құрметті балақайлар! Сіздерді жаздың алғашқы күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен құттықтаймын! Жазғы демалысты ұтымды пайдаланып, көңілді өткізулеріңізге, шынығып жаңа оқу жылына күш жинауларыңызға тілектеспін», — деді М.Әйтенов.
© DIDARBEK.kz