Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСТІ

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Балалардың мерекесіне орай, әкім қаладағы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен онлайн кездесіп, олардың дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінде әр баланың дені сау, сапалы білім мен саналы тәрбие алуы үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайдың жасалып жатқанын айтқан қала басшысы кез келген сәтте балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«Құрметті балақайлар! Сіздерді жаздың алғашқы күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен құттықтаймын! Жазғы демалысты ұтымды пайдаланып, көңілді өткізулеріңізге, шынығып жаңа оқу жылына күш жинауларыңызға тілектеспін», — деді М.Әйтенов.

Айта кетейік, биыл №3, 4 балалар үйлері тәрбиеленушілерінің жазғы демалысын ұйымдастыруға 45,8 млн. теңге қаржы қаралған. Балаларға 2020 жылғы 10 маусым мен 28 тамыз аралығында «Бәйшешек» сауықтыру лагерінде жазғы сауықтыру шаралары ұйымдастырылады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу