Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БАҚЫТТЫ БАЛА — АТА-АНАНЫҢ ҚУАНЫШЫ

БАҚЫТТЫ БАЛА — АТА-АНАНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Бала – бұл біздің болашағымыз.
Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт — құсымыздың қанаты. Жаздың алғашқы күнін Халықаралық балаларды қорғау күнімен бастаймыз.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде қамқорлығымыз да арта түседі. Бұл мерекені атап өтудің басты мақсаты – жұртшылық назарын мүмкіндігі шектеулі және көмекке мұқтаж балаларға, олардың құқығын қорғауға, бақытты балалық шағын тыныш әлемде өткізуге және өз елінің толық және бейбіт азаматы ретінде өсуіне көз жеткізу болып саналады.
Осы орайда, Арыс қаласы әкімдігінің бастамасымен,  қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ-і 140 мүмкіндігі шектеулі балаларға балалар күніне орай ойыншықтар мен тәттілер сыйға таратылды.
Ата — аналар тарапынан көңілдері қаяу балаларға қуаныш сыйлаған ел азаматтарына алғыс білдірді.
Мұндай игілікті істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу