Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫС ҚАЛАСЫ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

АРЫС ҚАЛАСЫ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!
Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
1992 жылы 4 маусымда еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері туралы заңға қол қойды. Бұл рәміздер біздің ең басты мемлекеттік құндылықтарымыз – Ту, Елтаңба, Әнұран.

Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр.

Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Бұл – ашықтық, бейбітшілік, еркіндік, тәуелсіздік және келісім. Сондықтан да, Мемлекеттік рәміздер әрбір қазақстандық азаматтар үшін де, өскелең ұрпақ үшін де аса зор құндылық болып табылады.

Мемлекеттік рәміздер кез келген мемлекет дамуының ажырамас бөлігіне айналған. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі.

Мерекелеріңізбен, құрметті жерлестер!
Баршаларыңызға зор денсаулық, бақыт пен амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілеймін.

Ізгі ниетпен,
Арыс қаласының әкімі М. Қадырбек

Пікір жазу