Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облыстық сотының ұйымдастыруымен Түркістан қалалық сотында тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және оның тиімділігін арттыру, еңбек заңнамасын қолдану мәселелерін талдау және жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы дауларды шешудің өзара қолайлы жолдарын іздестіру мақсатында «Сотқа дейінгі және соттағы еңбек дауларына қатысты татуластыру институтын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге кәсіподақ өкілдері атынан «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Әлтеев Бауржан Ілімшеұлы және «Шымкент қаласы және Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Татуласу Орталығы басшысының орынбасары, «Халықаралык медиация орталығы» РКБ Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша өкілдік директорының орынбасары Умирзаков Бауыржан Сапарбойович қатысты.

Дөңгелек үстел барысында кәсіподақтар тарапынан бірқатар ұтымды ұсыныстар айтылды.

Солардың бірі – кәсіпорындарда орын алатын еңбек дауларына қатысты. Егер де кәсіпкер еңбек құқығын бұзса, сол бойынша мәліметті бизнес-реестрге енгізу жайы талқыланды.

Жиынға қатысушылар заңға өзгеріс енгізілу жайын алға тартып, еңбек құқығын бұзған кәсіпкерлер келесі кезеңде тендр алу мүмкіндігінен айырылу жағын қарастыруды ұсынды.

Сол кезде еңбек адамдарының құқығының бұзылуына жол берілмейді деген ойға келді.

Еңбек қатынасының жұмыс беруші мен жұмыскердің келісім-шартқа қол қойылатын уақытынан басталатыны белгілі.

Айтқымыз келгені, медиаторларға жұмыс беруші мен жұмыскердің келісім-шартқа қол қойылған уақытынан бастап еңбек дауы пайда болғанға дейін қандай құқықтар берілген?

Жиында осы бойынша тәжірибе алмасу жайы мен сот қызметкерлерінің медиаторларға құқық сабақтарын өткізіп отыруды ұсынды.

«Шымкент қаласы және Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз хатшылығы

Пікір жазу