Шымкентте екі түрлі үлгіде 260 жаңа аялдама орнатылмақ, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Орнатылатын кішкентай аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкені 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге қою жоспарлануда.
Жаңа аялдамалар бұрынғысынан сынбайтын терезелерімен ерекшеленеді.
Сондай-ақ, аялдамалардың ені бұрын 60 см болса, қазіргісі 40 см болып қысқарады. Оның себебі, белгілі бір тұрғылықты жайы жоқ азаматтар аялдаманы паналамауы үшін жасалған.
Алдағы уақытта шаһарда 260 осындай аялдама салынатын болады. Аялдама мәселесі қалада өзекті күйде қалып отыр. Жаңа қоғамдық орындар сырт көзге де әдемі көрінеді.
Алайда, тұрғындар автобус күтетін жерлердің тым тарлығын айтады. Сондықтан да жолаушылардың көбісі қоғамдық көліктерді аялдамалардың сыртында күтуге мәжбүр.
Қоғамдық көлік жүйесін жаңарту кезінде атқарылған жұмыс нәтижесі шалғай елдімекендерге әлі де болса 1200 қоғамдық көлік аялдамасы қажет екенін көрсетті. Бұл мәселе алдағы 4-5 жыл ішінде кезең-кезеңімен шешілетін болады.
© DIDARBEK.kz