Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Су басқан ауылдардың жаңа мекенінде 200-ге жуық үйдің іргетасы құйылып, 80-інің қабырғасы көтерілді. Екі үйдің сырты сыланып, шатыры жабылуда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық қалаулылары мен Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге Мақтаарал ауданы, Мырзакент маңында бой көтеріп жатқан жаңа мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстарымен танысты, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Айта кетейік, бүгінде мұнда 383 үйдің құрылыс жүргізілуде. Оның 193-і үкіметтік резервтің қаржысына, 190-ы қорлардың есебінен салынып жатыр. Соның ішіндегі 20 үй «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» қорының қолдауымен салынуда. Сонымен қатар, жаңа ауданда су астында қалған ауылдардың мүлдем баспанасы жоқ 28 отбасы үшін тұрғын үйлер тұрғызылып жатыр. Олар осы уақытқа дейін монша, бала-бақша мен апатты жағдайдағы жатақханаларды паналап келген.

Құрылыс жұмыстары екі кезеңде жүргізілуде. Үй салуға қажетті техникалар мен құрылыс материалдарынан тапшылық жоқ.
Өмірзақ Естайұлы су басқан егістік алқаптардың бүгінгі жайын тексерді. Соңғы мәліметтер бойынша, ағын су жалпы аумағы 5800 га ауыл шаруашылығы алқабына зақым келтірген. Оның 85% – мақта алқаптары. Бүгінде 2300 га жерге, яғни, 40% мақта отырғызылды. Калғанына бақша дақылдары, күріш, жүгері егілді. Мүлдем жарамсыз күйге түскен егістік иелеріне өтемақы төленеді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу