Бүгінгі таңда еңбек адамы мен жұмыс берушінің арасында еңбек даулары туындаған кезде тікелей сотқа жүгінетініне көзіміз жетіп отыр. Алайда, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы, ұжым ішінде туындайтын келіспеушіліктер: келіссөздер ықтималдылығы мен жалдау, жұмыскерлерді кадрлық тағайындау және жұмыстан шығару, жұмыс уақыты, шарттар мен олардың еңбегін төлеу секілді мәселер сотқа жеткізбей медиация тәртібі арқылы шешімін табуға болады.
2019 жылдың сәуір айында Шымкент қалалық соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қалалық филиалы, Шымкент қаласының Әділет департаменті, Адвокаттар алқасы, Нотариалдық палатасы және Кәсіподақтар орталығы араларында өзара «Ынтымақтастық туралы» Меморандумға қол қойылған болатын.
Бүгін аталған меморандум аясында онлайн конференция өткізілді. Конференцияға Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұхтар Парменов, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов, «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы өкілдігінің директоры Лаура Ақшегірова, «YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта-және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент қалалық филиалы төрағасы Ерқозы Батырбеков, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лариса Тургинбаева, Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Руслан Шерімов, аудандық әкімдік өкілдері қатысты. Онлайн-конференцияның мақсаты – тараптардың арасында туындаған дауларды сотқа дейін реттеп, қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендетуге бағытталды.
Конференция барысында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Берік Айдарбекұлы алдымен, мекемелерге түсіндіру жұмыстары жүргізілген уақытта еңбеккерлер мен жұмыс берушілерге еңбек шарты медиация жолымен жүзе асырылса деген ұсынысын айтты. Сонда еңбек дауы міндетті түрде азайып, сотқа келетін істердің саны күрт төмендейтінін жеткізді. Сондай-ақ, еңбек дауы бойынша сотқа жүгінген жағдай болса, келісім комиссиясына міндетті түрде «Татуластыру орталығының» қызметкерін, медиаторды қатысуын сұрады. Себебі, келісім комиссиясы құрамында медиатор болатын болса, бұл да өз кезегінде сотқа келетін істердің санының азаюына септігін тигізетінін айтты.
© DIDARBEK.kz