Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Қазығұрт ауданында елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары қарқын алуда.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының бекітілген жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 17 ақпанында облыс көлемінде табиғи газбен қамтылу бағытында атқарылып отырған жұмыстар бойынша мәжіліс өткізіліп, тиісті қаулы қабылданған болатын.

Осы орайда Қазығұрт ауданының «Қақпақ» АГТС-не қарасты барлық елді мекендерді ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген жол картаға сәйкес белгіленген мерзімдерінде газға қосу жұмыстарын қамтамасыз ету қарастырылған.

Қаулының орындалуын бақылау мақсатында Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Әбілхан Әбдіқадыров, Түркістан өндірістік филиалы «КазТрансГаз» АҚ-ның директорының бірінші орынбасары Ержан Болатбекұлы, Шымкент өндірістік филиалы «ИнтерГаз» АҚ-ның бас инженері Айбек Ерғалиұлы, магистралды газ құбырлар жөніндегі бас инженер Бейбіт Имангалиев, облыстық мәслихат депутаты, облыстық партиялық бақылау комиссиясының мүшесі А.Салимов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Б.Құралбаев, осы бөлім басшысының орынбасары Д.Есболғанов, «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Қожахан, партиялық бақылау комиссияның төрағасы С.Сеңгірбаев арнайы мониторингтік іс-сапармен барып, бірнеше кемшіліктерді анықтап, «Қақпақ» АГТС-ін үлкен магистралды газ құбырына қосуды қосу үшін қажетті қаржыны қарастырып жергілікті тұрғындардың газ мәселесін шешуді тапсырды. Мәселелердің орындалуы туралы мердігер «Тұран құрылыс сервис» ЖШС-нің басшылығына ескертілді.

Аталған мәселе облыстық партия филиалы бақылау комиссиясының тұрақты бақылауында болады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу