Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҰРҒЫНДАРДЫ САН СОҚТЫРҒАН

ТҰРҒЫНДАРДЫ САН СОҚТЫРҒАН

Түркістандық алаяқ 21 мың теңге әлеуметтік көмек шығарып беремін деп 10-ға тарта тұрғынды сан соқтырған,  деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша өзіне жақсы таныс емес азамат «мемлекет тарапынан беріліп жатқан 21 000 теңге арнаулы әлеуметтік көмекті алып беремін»- деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 50 000 теңгесін беріп, алданып қалған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қалалық полиция басқармасына тіркеліп, күдікті іздестірілді. Қалалық полицейлердің кәсіби шеберліктері мен қырағылықтарының арқасында 2 күн ішінде жинақталған ақпарат көздері арқылы алаяқ ұсталды.
Тергеу барысында күдіктінің бұдан бөлек осындай 8 жайтқа қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 400 000 теңгені құрады. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға алаяқтың арбауына түсіп қалмаңыздар деп ескертеді. Кез-келген мемлекеттік бағдарлама бойынша құжат тапсырарда тікелей мамандарға баруларыңызды сұрайды. Ортада «істеп беремін деген белгісіз жандарға» сенбеуге шақырады. Егерде алаяқтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, «102» телефонына шұғыл түрде хабарласыңыздар. Тез арада берілген ақпарат қылмыстың ізін суытпай ашуға мүмкіндік береді.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу