Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН ЖҮРГІЗУШІ

МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН ЖҮРГІЗУШІ

Түркістан облысы полицейлері мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, ол 5 жылға жуық уақытқа бас бостандығынан айырылды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Түркістан облысының патрульдік полицейлері күнделікті жол бойында тұрып, түрлі оқыс оқиғалардың алдын алып, жол қауіпсіздігі ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Әрбір жолаушының аман-есен үйіне жетуі үшін үнемі түсіндіріп, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі күні елімізде енгізілген карантинге байланысты тәртіп сақшыларының қызметі одан сайын күшейтілді. Осындай кезекті жұмыс күнінің бірінде,
Кентау қаласының полицейлер мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады.
Кентау ҚПБ-не патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы полиция лейтенанты Тимур Инкарбековтан хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша Кентау қаласында рейдтік іс-шара жүргізіп, қызмет атқару барысында «Nissan maxima» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішіп алғаны байқалды. Сонымен қатар, құжаттарын тексеріп қараған кезде, жүргізуші 2017 жылдың қазан айында Кентау қалалық сотының шешімімен 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Алайда көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайта ішімдік ішіп көлік басқарған.
Медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші «орташа» дәрежеде мас халде болған. Жүгенсіз жүргізуші Кентау ҚПБ-не жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркелді.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданды. Қалалық соттың шешімімен ҚР ҚК-нің 346-бабы 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық құқықбұзушылықты қасақана жасаған жүргізуші 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Осы тұста Түркістан облысы полицейлері азаматтарға жолда сақ болуды, ішімдік ішіп көлік басқармауды, жылдамдықты асырмауды, қарсы бағытқа шықпауды, жол қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды ескертеді.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу