Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰМАРЫ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰМАРЫ

Құрметті Сайрам ауданының тұрғындары!
Қадірлі қазақстандықтар!

Сіздерді 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ел азаттығының кепілі – Мемлекеттік рәміздеріміз ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 1992 жылдың 4 маусымы күні бекітіліп, айтулы датаға айналды.
Бұл күн Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы – ақталған үміт күні.
Мемлекеттік рәміздер – біздің санамызға тәуелсіздік идеясын орнықтырып, патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда ерекше мәнге ие.
Елтаңбамыз, Туымыз, Әнұранымыз – қазақ елінің барша болмысын, бүгіні мен ертеңін сипаттайды.
Біз – қазақстандықтармыз және мұны зор мақтанышпен айтамыз. Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтанышпен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз.
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, Туымыздың мәртебесі биік болсын!
Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!

Құрметпен,

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков

Пікір жазу