Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТЕСТІЛЕУГЕ КІРУ МЕРЗІМІ ҚЫСҚАРТЫЛДЫ

ТЕСТІЛЕУГЕ КІРУ МЕРЗІМІ ҚЫСҚАРТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің «ANTIKOR Live» жобасында сұхбат берген Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Н.Шынтаев осылай атап өтті.

Агенттік Төрағасының құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар мен мемлекеттік әкімшілік лауазымға үміткерлерге арналған қағидаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, тестілеуден өту мәндерден төмен тестілеу нәтижелерін алған кандидаттар тестілеу нәтижелері бойынша шағымдарын қарастыру және олардың құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органда құрылған апелляциялық комиссияға шағымдарын бере алады.
Бұған дейін аталған комиссия жұмысын уәкілетті органның аумақтық департаменттері тарапынан жүргізілген.

Сонымен қатар, Н.Шынтаев сұхбат барысында Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде сертификаттың жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатылатынын айтты.
Бұдан өзге, жиында енгізілген өзгерістер мен қатар «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» және «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурстарының талаптары мен өткізу мерзімдері барысы туралы кеңінен ақпарат берілді.

©Өз тілшімізден

Пікір жазу